Kaz Rus Eng
Сайтта әйгілі
Бос орындар
Зерденің жаңа бренді
Басшылық
Инновациялар бағдарламасы
Баспасөз орталығы
Еншілес компаниялар мен тәуелді ұйымдар

«Зерде» Ұлттық инфокоммуникациялық холдингі Л.Н. Гумилев атындағы Ұлттық Еуразиялық Университеттің студенттеріне стратегиялық жоспарлау туралы тегін семинар өткізді

 

Ағымдағы жылдың 12 мамырында қабылданған республикамыздың алдағы жоғарғы оқу орындарымен өзара түсіністік пен бірігіп жұмыс жасау Меморандумның шеңберінде «Зерде» Холдингінің Стратегиялық жоспарлау және корпоративтік дамыту бөлімі Л.Н. Гумилев атындағы Ұлттық Еуразиялық Университеттің студенттеріне тегін білім беретін семинар өткізді. Жалпы семинар мекемелердегі стратегиялық жоспарлаудың тәжірибелік аспектілеріне арналып 50 шақты қатысушыны қызықтырды.
 Семинар басшысы, Холдингтің аға меңгерушісі Адиль Ашимов «Зерде»-нің бірден бір мақсаты қазақстандық инфокоммуникация саласындағы компетенттікті дамыту болатынын атап өтті.
Адил Ашимов сондай-ақ: - «Интеллектуалды қазынаның жинақталуы инновациялық технологияларды, әлемдік деңгейдегі өнімдер мен қызмет көрсету түрлерін ойлап табуға алғы шарт болады. Ал теорялық білім мен практикалық тәжірибені жас мамандарға беру қазақстандық қоғамның Интеллектуалды ұлтқа айналуына ең маңызды тапсырманы орындауға көмектеседі», - деп атап өтті.
ЕҰУ өкілі Игорь Несеннің сөзіне орай осы сынды шаралар адамның көзқарасын кеңейтіп оқып жатқан пәннің ішкі сырына үңілуге мүмкіндік туғызады. Сөзін қорыта келе ол былай деді:- « Менің ойымша Меморандум шеңберінде ары қарай біріге жұмыс жасау жоғарғы қабілетті мамандарды толыққанды дайындап шығаруға кең ауқымды басымдықтар берері сөзсіз» .