Қазақстан Республикасының Парламент Сенаты «Қазақстан Республикасы «электрондық үкіметін» дамыту мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер және толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасын қабылдады
Аталмыш заң жобасы ақпараттық жүйелерді қолданумен электрондық қалыпта мемлекеттік қызметтер көрсетуді заңдастыру үшін әзірленген болатын. Әкімшілік рәсімдерді оңтайландыру, мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселесінде мемлекеттік басқару сапасы және тиімділігін арттыру, олардың ашықтығын қамсыздандыру, электрондық мемлекеттік қызметтерді көрсету арқылы бизнес-үдерістерді регламенттеуді енгізу есебінен тұтынушыларға және қызметкерлерге ауыртпалықты төмендету күтілуде.
Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрі Асқар Жұмағалиевтің сөзіне қарағанда, «Ұсынылатын өзгерістер азаматтарға ақпараттық коммуникациялық технологияларды қолданумен өз құқықтарын жүзеге асыруға және заңмен қорғалатын мүдделерін қорғауға аз уақыт және қаржы жұмсауға мүмкіндік береді».
Мысалы, азаматтарға және кәсіпкерлерге мемлекеттік қызметтерді және лицензияларды алу кезінде анықтама талап етпейтін нормалар, мемлекеттік электрондық реурстарда бар мәліметтерді растайтын нотариуспен бекітілген құжаттардың көшірмелері ұсынылуда, міндеттелетін мемлекеттік органдар өз еркімен мемлекеттік ақпараттық жүйелерден және ақпараттық ресурстардан осы деректерді ала алады. Бұдан басқа, өзгерістер электрондық құжаттарды сот өндірісінде, нотариалдық қызметте және лицензиялауда қолдануға қатысты. Сонымен, Заң жобасына сәйкес нормалар талап етілетін өтініштерді қоса берілген құжат көшірмелерімен электрондық түрде беруге мүмкіндік береді, сондай-ақ сотты хаттаманы электрондық түрде беруге міндеттейді.
«Лицензиялау туралы» Заңға енгізілген өзгерістер өтінішті цифрлық қолтаңбамен бекітілген электрондық құжат түрінде беруге мүмкіндік береді. Оған мемлекеттік қызметтерді алу кезінде мемлекеттік электрондық деректер қорында бар құжатты тапсырмауға мүмкіндік беретін нормалар қосылған.
Осы заң жобасында мемлекеттік органдардың ресми интернет-ресурстарында мемлекеттік тілді қолдануға және қазақ тіліндегі ақпараттық жүйелер мен ресурстардың интерфейсін қолдауға ерекше назар аударылады.
Заң жобасы барлығы «электрондық үкімет» дамуының 4 бағытын қамтиды: интерактивтік тәртіпте электрондық мемлекеттік қызметтерді беру, мемлекеттік қызметтерді төлеу мүмкіндігі, ақпараттық мемлекеттік ресурстарда мемлекеттік тілді қолдану, сондай-ақ ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету.
Осы заң жобасы ағымдағы жылғы 27 мамырда Мәжіліспен қабылданғанын ескертеміз. «Электрондық қызметтер туралы» мұндай заң ертеде Финляндияда (2001 ж.), АҚШ (2002 жыл) және Оңтүстік Кореяда (2003 жыл) қабылданған.





