Kaz Rus Eng
Сайтта әйгілі
Бос орындар
Зерденің жаңа бренді
Басшылық
Инновациялар бағдарламасы
Баспасөз орталығы
Еншілес компаниялар мен тәуелді ұйымдар

Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрі Асқар Жұмағалиев Қазнеттің дамуы бойынша жиналыс өткізді

Жиналыс Байланыс және ақпарат министрлігінің, «Қазконтент» АҚ өкілдерінің және «Қазақстанның Интернет қауымдастығы» мүшелерінің қатысуымен өтті.

Асқар Жұмағалиев алғы сөзінде аталмыш кездесудің Интернет желісінің қазақстандық сегментін дамыту үшін маңызын атап өтті. Министрдің сөзіне қарағанда, «Қазнетті дамыту - қазіргі министрлік қызметіндегі басым бағыттардың бірі, өйткені дәл қазір осы сала өсу кезеңінде және бизнес орта үшін коммерциялық сұранысқа ие».
 
Кездесу шеңберінде қазақстандық сайттарды қолдаудың мемлекеттік бағдарламасы бойынша есеп берілді. «Қазконтент» АҚ Басқарма Төрағасы Азамат Омаров Бағдарламаны енгізу жөнінде хабарлады, сондай-ақ байқауға қатысу үшін интернет-ресурстарды іріктеудің бекітілген әдістемесін таныстырды. Бұл бағдарламаның мақсаты– VPS хостинг қызметтерін ақысыз беру жолымен қазақстандық сайт иелерін қолдау, сөйтіп үнемделетін қаржыны ресурсты жылжытуға бағыттау мүмкіндігін беруге болады. Сондай-ақ, кездесу барысында Бағдарламаға қатысу үшін бекітілген талаптарға сәйкес келетін ресурстар шақырылатыны айтылды. Оларға мыналар жатады: домендік аймақ (kz), сайттың тілі (орысша, қазақша, ағылшынша), контент, жас (3 айдан аспайды), статистика (айына 6000-нан кем емес бірегей кіру). Сонымен, байқауға компаниялардың сайт-визиткалары, Интернет-дүкендер және үшінші тұлғалар жағынан қаржыландырылатын ресурстар жіберілмейтіні ескерілген болатын. Бағдарламаға қатысу шарттары туралы толық ақпаратты «Қазконтент» АҚ сайтынан http://kzcontent.kz  табуға болады.
Министр Асқар Жұмағалиев мемлекеттік қолдауға ие болған 6 сайттың атауын жариялады (minber.kz , comport.kz , kzmz.kz , mama.kz , night.kz , uchi.kz ) және олардың авторлары мен иелеріне ақысыз хостингке сертификаттар берді.
Сонымен қатар, кездесуде Интернет желісі қазақстандық сегментінің нормативтік-құқықтық базаларын жетілдіру бойынша «Қазақстанның Интернет қауымдастығы» ЗТБ ұсыныстары талқыланды. Іс-шара барысында Қазақстанда хостинг қызметтерін дамыту бойынша ұсыныстар таныстырылды. «Қазконтент» АҚ Министрлікпен және «Қазақтелеком» АҚ бірлесіп қазіргі уақытта отандық хостингтік алаңдары үшін жағдай жасау мүмкіндіктерін қарастыруда және талқылау үстінде. Қазақстанның Интернет қауымдастығының өкілдері бұндай кездесулердің оң нәтижесін атап өтті және министрліктің Қазнет өкілдерімен болашақтағы ынтымақтастығына үміт артты.
Бұл Қазнетті дамыту бойынша үшінші жиналыс екенін ескертеміз. Өткен жиналыс 5 мамырда болды, онда қатысушылар Интернет-ресурстарды мемлекеттік қолдаудың барлық мүмкін нұсқаларын талқылап, осы Бағдарламаның драфттық нұсқасын мақұлдаған болатын.
Анықтама:
«Қазконтент» АҚ - «Зерде» Ұлттық ақпараттық коммуникациялық холдингінің» еншілес кәсіпорны. Компанияның негізгі міндеті Интернет желісінің қазақстандық сегментін дамыту болып табылады.
 
«Қазақстанның Интернет қауымдастығы» ЗТБ –«Қазақстан Республикасын әлемдік Интернет-қауымдастықтың толық құқықты және құрметті мүшесіне айналдыруды» өз міндеті санайтын 2009 жылғы мамырда бекітілген коммерциялық емес ұйым.