Қазақстандық байланыс операторлары және хостинг-провайдерлер «Қауіпсіз интернет туралы» Декларацияға қол қойды
Келісімге 15 қазақстандық байланыс операторы және хостинг-провайдер қатысты. Қол қойылған декларацияның негізгі мақсаты – ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы сенім шараларын көтеруге әсер ету және барлық пайдаланушылар үшін қауіпсіз және бизнес мүдделерін ескеретін ақпараттық орта ретінде Интернет желісінің ұлттық сегментін дамытуға атсалысу.
Бастамашылар еліміздің жетекші байланыс операторлары және хостинг-провайдерлерінің ойынша, Декларация сонымен қатар ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы қатынастарды реттейтін ҚР заңнамасын тиімді қолданудың негізгі қағидаттарын орнатуға және осы мәселелерде хостинг-провайдер және байланыс операторларының қызметін үйлестіру арқылы Интернетте заңға қайшы контентпен күресудің бірыңғай жолдарын жасауға мүмкіндік береді.
Пайдаланушылардың компьютерлерінен тұратын вирустарды, электрондық алаяқтық және «желі-зомбилерін» тарату үшін Интернет желілерін пайдалану жағдайларын төмендетуге бағытталған қатысушылардың қолданған шаралары, сондай-ақ балалар порнографиясын таратумен күрес, есірткіні, террористік және экстремистік сипаттағы көзқарасты насихаттау ерікті және топтық сипатқа ие.
Келісімге қатысушылардың бірі «Нұрсат» АҚ директоры Нұрлан Измайлов былай атап өтті: «Әсіресе, бүгіндері Желіде порнографияның гүлдену мәселесі өзекті болып тұр, сондай-ақ соңғы кезде жоғары вирустық белсенділік байқалады, электрондық алаятық жағдайлары жиіледі. Бизнестің қоғам алдындағы әлеуметтік жауапкершілігін және Интернет желісін пайдалану салаларын кеңейтудің гуманитарлық маңызын ескеріп, Декларация Интернеттің қиянатшыл пайдаланушыларының жолында ашық және ықпалды механизм құруға және байланыс компаниялары мен хостинг-провайдерлердің Интернет-қоғамдастықтармен өзара қарым-қатынас тиімділін арттыруға бағытталған.
Декларация шеңберінде Интернет желісіндегі пайдаланушылардан өтініш қабылдау бойынша шұғыл желі құру туралы келісімге қол жеткізілді. Бұл кез келген қазақстандық табылған заңға қайшы контент туралы және Желідегі алаяқтық жағдайында өз операторына хабарлай алатынын білдіреді. Мұндай ақпарат түскен кезде оператор немесе хостинг-провайдер ресурс иесіне хабармен жүгінуі тиіс.
«Қазақстанның интернет қауымдастықтары» ЗТБ Президенті Шавкат Сабыров «отандық IT-қоғамдастық компаниясы ерікті пайдаланушылардың мүдделерін қамтамасыз етуге және мүмкіндігіне қарай Интернетте қауіп-қатерлерді жою үшін қажет барлық күш-жігерді жұмсауға тиіс» деген сенімін білдірді.
ҚР Ішкі істер министрлігінің криминалдық полициясы комитетінің ақпараттары бойынша соңғы алты айда ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы қатынастарды реттейтін қолданыстағы заңнаманы бұзудан 562 дерек анықталды. Контрафактық өнімдерді жүзеге асыру және орналастыру деректері (162 ресурс табылды), Интернеттің көмегімен құжаттардың жасанды көшірмесі (63 жағдай), компьютерлерге заңсыз рұқсат беру (36 жағдай анықталды), басқа біреудің есебінен Интернет пайдалану (39 дерек) бойынша қылмыстық істер қозғалды. Жедел іс-шаралар шеңберінде порнографияны таратумен күрес бойынша 224 интернет-ресурс анықталды. Олардың 112-сі порноға баннерлік сілтемелер, 13 – қазақстандық порно-сайттар, 99 ұқсас сипаттағы шетел ресурстары.
Декларацияға қол қоюға бастамашы болған компаниялар:
«Қазақстанның интернет қауымдастығы» ЗТБ
Қазақстанның Ұлттық Телекоммуникация қауымдастығы (ҰТҚ)
«Kazsatnet» Ұлттық компания» Акционерлік қоғамы
«Қазақтелеком» Акционерлік қоғамы
«Транстелеком» Акционерлік қоғамы
«KazTransCom» Акционерлік қоғамы
«АРНА» Акционерлік қоғамы
НҰРСАТ компаниясы
«ASTEL» компаниясы
«СТС» компаниясы (Заманауи Телекоммуникациялық Желілер)
«АЛТЕЛ» Акционерлік қоғамы
«СА-Телком» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
«КаР-Тел» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
«Мобайл Телеком – Сервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
«СВИМ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі





