Корпоративті этика кодексі - Холдинг пен еншілес және тәуелді ұйымдардың әр қызметкері ұстануы тиісті, этикалық және іскерлік принциптерді сипаттайтын құжат. Кодекс қызметкер үшін Холдинг пен еншілес ұйымдар, философия, даму бағыты мен этикалық принциптер туралы нақты ақпараттардан тұрады. Кодекс Холдинг компаниялар тобының барлық қызметкерлеріне түгел таратылады.
Қызметкерлердің кодекс ережелерін білуі, түсінуі және оны орындауға тікелей қатысуы, күшті корпоративті мәдениеттің дамуына, қызметкер мен компанияның бірлесуіне, сонымен қатар жалпы қызмет тиімділігін арттыруға көмектеседі.
Корпоративті этика кодексі негізінде корпоративті этика бойынша нұсқау құрастырылды, онда қызметкерлер үшін, Кодексте сипатталған этикалық құндылықтар мағынасы толығырақ түсіндіріледі.





