Kaz Rus Eng
Сайтта әйгілі
Бос орындар
Зерденің жаңа бренді
Басшылық
Инновациялар бағдарламасы
Баспасөз орталығы
Еншілес компаниялар мен тәуелді ұйымдар

Холдинг тарихы

«Зерде» Ұлттық инфокоммуникациялық холдингі» АҚ (онан әрі - Холдинг) 2008 жылдың 3 шілдесіндегі №668 Қазақстан республикасы Үкіметінің қаулысы мен 2008 жылдың 25 тамызындағы № 538 Қазақстан Республикасы қаржы Министрлігі мемлекеттік мүлік және жекешелендіру Комитетінің бұйрығына сәйкес құрылды. Холдинг «Самғау» Ұлттық ғылыми-техникалық холдингі» АҚ қайта құру нәтижесінде құралды.
2008 жылдың 25 қыркүйегінде Астана қаласының Әділет Департаментімен Холдингтің мемлекеттік тіркелу куәлігі берілді. 
2008 жылдың 31 қазанында холдингтің акцияларын шығару нобайының мемлекеттік тіркелуі жүргізілді.
2008 жылдың 6 қарашасында, №402 Қазақстан Республикасы ақпараттандыру және байланыс Агенттігі бұйрығына сәйкес, Холдингтің келесі құрамдағы Директорлар кеңесінің мүшелері сайланды:
1. Қазақстан Республикасы ақпараттандыру және байланыс Агенттігі Төрағасы Есекеев Қуанышбек Бақытбекұлы;
2. Қазақстан Республикасы экономика және бюджетті жоспарлау Министрі Сұлтанов Бақыт Тұрлыханұлы;
3. Қазақстан Республикасы қаржы Министрі Жәмішев Болат Бидахметұлы;
4. Қазақстан Республикасы әділет Вице-министрі Кұсдәулетов Дулат Рәшитұлы;
5. Қазақстан Республикасы ақпараттандыру және байланыс Агенттігі Төрағасының орынбасары Дүрмағамбетов Ерлан Дмитриевич;
6. «Зерде» Ұлттық инфокоммуникациялық холдингі» Басқарма Төрағасы Сәрсенов Әділбек Ғазезұлы.
2008 жылдың 6 қарашасында, №403 Қазақстан Республикасы ақпараттандыру және байланыс Агенттігі бұйрығына сәйкес, Холдингтің Басқарма Төрағасы Сәрсенов Әділбек Ғазизұлы сайланды.
2008 жылдың 10 қарашасында Холдинг Директорларының кеңесі шешімімен Холдинг директорлар кеңесінің Төрағасы Есекеев Қуанышбек Бақытбекұлы , сонымен қатар 4 адамнан тұратын, келесі құрамдағы Холдинг Басқармасы қалыптасты:
1. Сәрсенов Әділбек Ғазизұлы - Холдинг Басқарма Төрағасы.
2. Әлиев Ескендір Шәмилұлы - Холдинг Басқарма Төрағасының орынбасары.
3. Әмітов Жетең Бердібекұлы - Холдинг Басқарма Төрағасының орынбасары.
4. Шөжеева Әзиза Темірқызы - Холдинг Басқарма Төрағасының орынбасары.
2008 жылдың 21 қарашасындағы, № 1080 Қазақстан Республикасының қаулысына сәйкес, Қазақстан Республикасы Үкіметі жанындағы «Зерде» Ұлттық инфокоммуникациялық холдингі» АҚ дамыту сұрағы бойынша мамандандырылған келесі құрамнан тұратын кеңес мүшелері сайланды:
1. Мәсімов Кәрім Қажымқанұлы – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі, төраға;
2. Есекеев Қуанышбек Бақытбекұлы – Қазақстан Республикасы ақпараттандыру және байланыс Агенттігі Төрағасы, хатшы;
3. Сұлтанов Бақыт Тұрлыханұлы – Қазақстан Республикасы экономика және бюджетті жоспарлау Министрі;
4. Жәмішев Болат Бидахметұлы – Қазақстан Республикасы қаржы Министрі;
Сәрсенов Әділбек Ғазезұлы –«Зерде» Ұлттық инфокоммуникациялық холдингі» АҚ Басқарма Төрағасы (ұйғару бойынша)