Қызметкерлер құрамы маңызды ресурс болып табылады, ал қызметкерлер құрамын басқару – компания менеджментінің негізгі қызметі. Әр басқарушы қызметкерлер құрамы бойынша сөзсіз менеджер болып табылады, қарауындағы қызметкерлерге жауапты және қызметкерлер құрамын басқару арқылы компанияның стратегиялық міндеттерін шешеді. Табысқа қол жеткізу үшін, қызметкерлер құрамын басқару бойынша барлық жұмыстарды біздің компания қызметкерге өз мақсатын нақты түсіндіру мүмкіндігін беретін, өз табысына әсер ете алатын, жеке және коллективті нәтижелерге тікелей байланысты сый алатын, компаниямен бірге жұмыстағы табыстар мен сәтсіздіктерді бөлісетін ортаны жасауға бағыттайды.
Біздің компанияның қызметкерлер құрамымен жұмыс ортасындағы құндылықтар:
- Қызметкерлердің дамуға және өзгерістерге талпынысын бағалаймыз және қолдаймыз;
- Қызметкерлердің жеке өсуіне және өзін-өзін көрсетуге мүмкіндік жасайды;
- Қызметкерлер құрамын басқару жұмысында халықаралық тәжірибе мен қазіргі заманғы технологияларды үйренеміз және қолданамыз.
- Еңбек тиімділігін жоғарылату арқылы, қызметкерлердің өмірлік деңгейін дамытуға тырысамыз;
- Шынайы, шығармашылық амалын, кәсіби істі қолдаймыз;
- Жұмысшылардың әлеуметті қорғанысын қамтамасыз етеміз.
Маманды саясаттың ұстанымдары
Жұмыс орнына кандидаттарды қарастыруда біз конкурстық таңдауға жүгінеміз, міндетті түрде нақты тапсырма қойылған сынау мерзімін береміз.
Қызметкердің табысты бейімделуі үшін арнайы шаралар жүргізіледі – ашық ақпараттық және коммуникативтік ортаны құраймыз.
Біз бүгін өз алдымызға әр қызметкердің өзін ашуына мүмкіндік беру мақсатын қоямыз. Қол жеткізген нәтижелерге байланысты қызметкерлер қызмет сатысы бойынша жоғары көтеріледі, компанияның ішінде жинақталған білім мен әдістерге және өзінің кәсіптік және мансап амбицияларын әртүрлі бизнес бағыттарына:металлургияға, құрылысқа, сауда кәсіпорындарының дамуына қол жеткізеді.
Компанияның әр қызметкерінің өз кәсіптік деңгейін жоғарылату мүмкіндігі бар. Қызметкерлердің барлық корпоративті оқуы компанияның стратегиялық мақсаты мен тапсырмасына қол жеткізгендегі тиімділікті жоғарылатуға бағытталған.
Қызметкерлер жалақысының жалпы деңгейі қаржы нәтижелерімен анықталады.
Компанияда қызметкер дәлелінің көп сатылы жүйесі құрастырылды: әлеуметтік пакет, ынталандыру жүйесі, материалды және рухани қолдау жүйесі.
Стратегиялық жобалау және корпоративті даму Департаментінің Директоры
Бухгалтерлік есеп беру және есептеу департаментінің Бас Есепшісі





